«El Umiti Talent» республикалық олимпиадасын өткізу ережесі

1.    Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже математика, физика, химия, биология, география, информатика, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілетін «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасын  (бұдан әрі - Олимпиада) ұйымдастыру және өткізудің шарттары мен тәртібін анықтайды.
1.2. Осы ереже ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес әзірленген.
1.3. Олимпиаданың ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «EL UMITI» қоры» КҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
1.4. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды даярлау, олимпиадалық қозғалысты танымал ету. 
1.5. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі: күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы.
1.6. Олимпиада ҚР заңнамасында тыйым салынбаған көздерден қаржыландырылады.
 

2.    Олимпиада қатысушылары

2.1. Олимпиадаға  меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және аумақтық тиесілілігіне қарамастан орта білім беру мекемелері мен қосымша білім беру мекемелерінде білім алатын 7-9 сынып оқушылары (бұдан әрі - қатысушылар) қатыса алады. 
2.2. Олимпиаданы өткізу кезінде қатысушылардың дербес деректерін өңдеу ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
2.3. Олимпиадаға қатысу ақылы, ерікті негізде жүзеге асады.
2.4. Олимпиадаға алдын-ала іріктеусіз қатысуға болады.

3.    Олимпиаданы ұйымдастыру

3.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін құрамы Ұйымдастырушы бұйрығымен бекітілген Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастырушы Олимпиаданың өткізу мақсатында  https://ro.elumiti.kz/ сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді (бұдан әрі  - Сайт).
3.2. Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың өту мерзімін анықтайды;
- Олимпиада өту кезінде бақылауды жүзеге асырады;
- Олимпиадаға басшылық жүргізуді жүзеге асырады;
- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және қорытындылайды;
- ҚР барлық өңірінде ақпараттық насихат жүргізеді; 
- Тапсырмалардың құрылымын, санын және оны орындауға берілетін уақыт көлемін анықтайды. 

4.    Олимпиада тапсырмаларының мазмұны және құрылымы

4.1. Олимпиада қатысушыларына математика, физика, химия, биология, география, информатика, ағылшын тілі пәндерінен тапсырмалар беріледі. Қатысушылар олимпиадаға өз таңдауы бойынша бірнеше пәннен қатыса алады.  
4.2. Олимпиада тапсырмаларының күрделілігі әртүрлі және мектеп бағдарламасына кірмеген тақырыптарды қамтуы мүмкін. Тапсырмалардың тақырыбы оқушылардың тәжірибесіне, қызығушылықтарына және даму деңгейіне сәйкес келеді. Әр тапсырмада 4 жауап нұсқасы болады. 

5.    Олимпиаданы өткізу тәртібі

5.1. Олимпиада оқу жылында әр пән бойынша төрт кезеңде өткізіледі. 
5.2. Олимпиаданың өту мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат Сайтта, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.
5.3. Олимпиада «7-8» сыныптарда, «9» сыныпта оқитын оқушылар үшін өткізіледі.
5.4. Олимпиада жеңімпаздарын анықтау Сайтта ашықтық және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға байланысты өткізілетін тексеруден кейін, ұпайларды автоматты түрде есептеу негізінде жүзеге асырылады.   
5.5. Олимпиада жеңімпаздары І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
5.6. Олимпиада жеңімпаздарының дипломдары ғаламтор желісіне электронды түрде орналастырылады, ол Сайттан қолданушының Жеке кабинетінен жүктеп алуға қолжетімді. 
5.7. Олимпиада қорытындысы Сайтта жарияланады.

6.    Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Олимпиада өту кезінде қатысушылар кеңсе құралдарын қолдануға және орнынан тұрып кетуге ерекше жағдайларда ғана құқылы. 
6.2. Олимпиада өту кезінде қатысушылар оқу кітаптары немесе басқа әдебиеттерді, жазбаларды және басқа да электронды ақпарат тасығыш құралдарын пайдалануға,  сөйлесуге және орнын ауыстыруға тыйым салынады. 
6.3. Олимпиада қатысушысы Сайтта жарияланған еңбекті қорғау ережесін, санитарлық-гигиеналық ережелерді, тестілеуден өту бойынша бекітілген Нұсқаулық талаптарын сақтауға міндетті. 
6.4. Олимпиада қатысушысы олимпиада өткізудің бекітілген тәртібін бұзған, онлайн ресурстарды әдейі қолданып, академиялық адалдықты сақтамаған жағдайларда Олимпиадаға қатысудан шеттетілуі мүмкін. Аталған бұзушылықтар анықталған жағдайда қатысушының жұмысы жойылады.
6.5. Олимпиада өту кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қадағалау процедурасы.
6.6. Академиялық адалдықтың бұзу фактілерін анықтау үшін платформада прокторинг қызметі жұмыс істейді. Прокторинг қызметінің жұмыс процесі мынадай: 
6.7. Тапсырманы орындай бастағаннан кейін олимпиада ережесі бойынша қатысушы web-камерасын қосып, өзін және жұмыс үстелінің үстін көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс. Егер қатысушы бұл талапты орындамаса олимпиада тапсырмаларын орындауға жіберілмейді. Сондай-ақ қатысушы құрылғысында веб-камера немесе веб-камераға қосылу мүмкіндігі болмаса, онда қатысушы тапсырма орындауға қатыса алмайды. 
6.8. Тапсырманы орындау кезінде жүйе қатысушының тапсырманы дұрыс өтуін қадағалайды. Жүйе минут сайын қатысушының жұмыс үстелінен, ал әрбір 5 минут сайын қатысушының веб-камерасынан сурет жібереді. 
6.9. Прокторинг жүйесі қатысушының бұзушылықтарын тіркеп, тіркелген барлық бұзушылықты олимпиада платформасының деректер қорына жібереді. 
6.10. Олимпиаданы өту кезінде академиялық адалдық қағидаттарын бұзу болып саналады:
- браузердің өзге қойындыларын ашу немесе өту;
- іздеу жүйелеріне және басқа да қосымшаларға өту; 
- осы Ереженің 6.2. тармағын бұзу.
6.11. Барлық пайдаланылған көздерден алынған мәліметтер (веб-камера жіберген суреттер, қатысушы үстелінің скриншоттары) бірыңғай есепке біріктіріледі. Барлық күдікті іс-әрекет есепке енгізіледі. Қатысушының бұзушылығы тіркелген файл (сурет) есепте атауымен көрсетіледі. Олимпиада ұйымдастырушылары қатысушы камерасының және жұмыс үстелінің жазбасын көруге қол жеткізе алады.  Олимпиаданы өткізу процесі осындай бақылау жүйесінің нәтижесінде барынша адал әрі ашық өтеді. Аппеляция қарастырылмаған.

7.    Нәтижелерді анықтау

7.1. Нәтижелер олимпиада аяқталғаннан кейін академиялық адалдық қағидаттарын бұзу фактілерін тексергеннен кейін 2-3 аптадан аспайтын мерзім ішінде анықталады. Анықталған қорытынды нәтиже Олимпиаданы өту нәтижесін, дипломдарды электрондық түрде генерациялау мақсатында техникалық өңдеуге жіберіледі. 
7.2. Олимпиада қатысушылары өздерінің олимпиадаға қатысқанын растайтын электронды түрде өту нәтижелерін, сондай-ақ жинаған ұпайларына сәйкес I, II, III дәрежелі дипломдарын ала алады. 
7.3. Қатысушыларға нәтижелерін білу мақсатында ең жоғарғы және ең төменгі ұпайлар, ұпайлар диапазоны мен соған сәйкес алған орны көрсетілген кесте ұсынылады.  

8.    Оқушыларды дайындау

8.1. Қатысушыларды олимпиадалық дайындау мақсатында Birge Oqy https://birgeoqy.kz/ онлайн платформасындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту ұйымдастырылады. Барлық оқушы оқытуға білім беру ұйымымен келісім негізінде ерікті түрде қол жеткізе алады.